Келестік диқан бір жылда үш өнім алды

Келес ауданының шаруалары заманауи технологиялар арқылы жерді тиімді пайдаланып, бір жылда үш рет өнім алу тәжірибесін кеңейтуде. Біртілек ауылдық округінің тұрғыны, Халық Асылбек 3 гектар жерге биыл үш рет егін егіп, табысты нәтижеге қол жеткізді.

– Ең бастысы – жерге жанашырлықпен қарау керек. Өткен күзде пияз егіп, ерте көктемде жинап алдық. Одан кейін картоп егіп, оны тамыз айында жинадық. Қазір үшінші өнім – болгар бұрышын теріп жатырмыз. Әр өнім өз еңбегінің жемісін беріп отыр, – дейді шаруа Халық Асылбек.

Айта кетейік, биыл Келес ауданында 3,5 мың гектар жерге егіс егілді. Оның ішінде 700 гектары астық, 560 гектары картоп, 1,3 мың гектары көкөніс, 730 гектары мал азықтық дақылдар. Биыл 2 гектар жаңа жылыжай салынып, тамшылатып суару әдісі 63 гектар жерге енгізілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Өкініш

Болған оқиғаның ізімен Әшейінде жай қимылдайтын Бәкір бүгін тым ширақ. Үйінің айналасын тазалап, балаларына «Ағаларың келе жатыр, танысасыңдар»…
Толығырақ

«Қыран елім – Қазақстаным»

Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында 25 қазан – Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты…
Толығырақ

Түркістан: ҚХА-ның 30 жылдығы аясында «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Президенттің «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына байланысты…