Шәуілдірде тұрғын үйлер жөнделеді

«Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылына барып, газбен қамту жүйесіндегі жарылыс салдарынан зардап шеккен 12 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқиға кезінде ғимаратта 7 адам болған. Барлығына уақытша баспана беріліп, қазіргі таңда олар туыстарының үйлерінде тұрып жатыр.

Өңір басшысы оқиға орнын қарап шығып, тиісті қызметтерге төтенше жағдайдың салдарын жоюды, зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді және қалпына келтіру жұмыстарын жедел ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ тұрғын үй қалпына келтірілгенге дейін тұрғындарды уақытша орналастыру мәселесін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді. Жарақат алған әйел адам ауруханада ем қабылдауда.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмысын жалғастыруда. Алдағы күндері зақымданған тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары басталмақ. Оқиғаның себептері құзырлы органдармен анықталып жатыр.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ұшқынға газ берілді

25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Келес ауданындағы, Қошқарата ауылдық округіне қарасты Ұшқын елді мекеніне табиғи газ…
Толығырақ

140 мәселе қаралды

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының жұмыс нәтижелері партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің қатысуымен өткен жұмыс жиынында қаралды. Бұл…