Түркістан облысына келген өзбекстандық туристер саны 2 есе артқан

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған облыс делегациясы Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары жалғасып жатыр. Делегация құрамында туризм саласына жауапты басқарма мен мекеме басшылары, туристік фирма жетекшілері, қонақ үй өкілдері және осы салаға қатысты азаматтар бар. Мақсат – Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасында туризмді дамыту бойынша келіссөздер жүргізу, әріптестік орнату және тәжірибе алмасу.

Нұралхан Көшеров Ташкентте Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі жанындағы Туризм комитетінің төрағасы Умид Шадиевпен және өзбекстандық туристік фирма басшыларымен кездесіп, келіссөз жүргізді.

– Туризм саласында бауырлас Өзбекстан мемлекетімен әріптестік орнатып, тығыз байланыста жұмыс істеуге дайынбыз. Туристерді тарту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз. Туризм саласында байланысты дамыта отырып, біз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы болашақ көпірін саламыз. Ол көпір сенімге, мәдениетке және тұрақты дамуға негізделген, – деген Нұралхан Көшеров ұсыныстар мен пікірлерді тыңдады.

Кездесуде туризмді дамыту бойынша ұсыныстар мен идеялар айтылып, жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берілді. Түркістан облысының кәсіпкерлері мен туризм саласының өкілдері өңірдің туристік әлеуетін таныстырып, өзбекстандық әріптестерімен ақпарат алмасты.

Бүгінгі күні Түркістан облысы туризм мен инвестиция тарту саласында тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңірге 830 мың турист келген (2024 жылдың 9 айында – 733 мың, ал 2024 жылы жалпы 880 мың турист). Оның ішінде Өзбекстаннан 26 мыңнан астам турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Бұл көрсеткішке қол жеткізуге туризмді дамытатын «Жібек Жолы» туристік пойызы және өзге де трансшекаралық бірлескен бастамалар ықпал етті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Олар жаңа өмірге қадам басты

Түркістан облыстық Психикалық денсаулық орталығындағы кешенді емдеу арқылы тәуелділіктен арылған науқастар арасында оң нәтиже көп. Орталықтағы 16 психотерапия…
Толығырақ

Түркістан облысында ерекше күтімді қажет ететін тұрғындарға мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде

Түркістан облысында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамның әр санатындағы топтарына жан-жақты қолдау көрсету жұмыстары күшейтілген.…