Ордабасы ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан облысы Ордабасы ауданының Бөген ауылында жаңа өрт сөндіру пунктін ашты. Бұл нысан ерікті өрт сөндіру құралымдар желісін дамытуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында құрылды. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұралхан Көшеров, жергілікті билік өкілдері, ауыл тұрғындары мен меценаттар қатысты.

Жаңа пункт ТЖМ берген өрт сөндіру техникасымен, байланыс құралдарымен және тәулік бойы кезекшілік атқаруға арналған жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бөген, Кемер және Жеңіс ауылдарында тұратын шамамен сегіз мың тұрғынға қызмет көрсетуді жергілікті бюджет есебінен еңбекақы алатын еріктілер құрамындағы штат қамтамасыз етеді. Нысанды жабдықтауға аудандық мәслихат депутаты Әбілда Әлібеков

айтарлықтай қолдау көрсетті.

«Мұндай құралымдар бүгінде шалғай елді мекендердің өзінде де құрылуда. Түркістан облысында 800-ден астам ауыл бар, біз олардың әрқайсысында өз өрт сөндіру пункті ашылуына ықпал ететін боламыз», — деп Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов атап өтті.

Оның айтуынша Төтенше жағдайлар министрлігі ерікті бөлімшелерді техникамен, байланыс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз ету жұмыстарын, сондай-ақ олардың материалдық-техникалық базасын жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып нығайту ісін жалғастыруда. Бұл өңірлердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін және ауыл халқының қауіпсіздігін арттырады.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысының тарихи-мәдени бағытындағы туристік әлеуеті жанданады

Түркістан облысында экономикалық, тарихи-мәдени бағыттарындағы туристік жобалар әлеуеті жанданады. Түркістан облысында өткен жылмен салыстырғанда туризмнің оң өсімі байқалады.…

Открыт кабинет имени Димаша Кудайбергена

Сегодня Туркестан как областной центр стремительно развивается: возводятся новые микрорайоны, увеличивается количество многоэтажных жилых домов. Соответственно, многократно растёт…