Түркістан облысы әкімінің орынбасары тұрғындардың мәселесін тыңдады

«Түркістан облысында тұрғындар мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бүгін кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, кезектілік тәртібімен жазылған өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қабылдауға жазылған азаматтардың көбі әлеуметтік мәселелермен келген. Мәселен бірі мүгедек баласына әлеуметтік көмек сұраса, келесі азамат жұмысқа орналастырып беруді өтінді және тағы басқа. Сонымен қатар Арыс, Мақтаарал, Жетісай аумағындағы жекеменшік мектептерді қаржыландыру, ФАБ құрылысы және жаңа мектептің жанынан қосалқы мектеп салу мәселесін көтерді. Лагерьдегі қауіпсіздік талаптары сақталмауына қатысты мәселелер де сөз болды.

Азаматтардың өтінішін тыңдаған облыс әкімінің орынбасары барлық мәселенің тек белгіленген заң аясында шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Ашықтық қағидатына негізделген қабылдауға Түркістан, Кентау, Арыс қалаларынан бөлек, Созақ, Отырар, Жетісай, Мақтарал аудандарынан 15-ке жуық азамат келді. Азаматтардың өтініші негізінде хаттамалық тапсырмалар беріліп, жұмыстар атқарылатын болады.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Табысы артқан отбасылар көбейді

«Ауыл аманаты» жобасын Түркістан облысында іске асыруға 2023–2025 жылдары республикалық бюджеттен барлығы 30,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:…
Толығырақ

«Гоганың» көзін жойған қазақ

Орыс империясының озбыр саясатынан қаншама асылдарымыздың тағдыры тәлкекке түсіп, итжеккенге айдалып, азап шекті десеңізші. Қара табан халықты ұршықша…
Толығырақ

Түркістан облысының тарихи-мәдени бағытындағы туристік әлеуеті жанданады

Түркістан облысында экономикалық, тарихи-мәдени бағыттарындағы туристік жобалар әлеуеті жанданады. Түркістан облысында өткен жылмен салыстырғанда туризмнің оң өсімі байқалады.…