Түркістан облысының тарихи-мәдени бағытындағы туристік әлеуеті жанданады

Түркістан облысында экономикалық, тарихи-мәдени бағыттарындағы туристік жобалар әлеуеті жанданады. Түркістан облысында өткен жылмен салыстырғанда туризмнің оң өсімі байқалады. Тарихи туризм ошақтары көп облыстың табиғаты әсем, шежірелі өлкелері де жетерлік. Туристер саны 830,1 мың адамды құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (733,2 мың адам) 13,2%-ға артты.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары туристік әлеуетті арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

– Туристік әлеуетті дамыту бағытындағы жұмысты жүйелеңіздер. Өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер мен орындардың әлеуетін толық пайдаланған жөн. Түрлі креативті жобалар мен халықаралық деңгейдегі мәдени, спорттық шаралар ұйымдастыруды назарға алып, ұсыныс беріңіздер. Бұл – нақты тапсырма. Жақында Түркістанда халықаралық талапқа сай атшабар ашылады. Бұл – үлкен мүмкіндік, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Айта кетейік, Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай және ашық аспан астындағы өзіндік мұражай болып саналады. Облыс аумағында 1700-ден астам тарих және мәдениет ескерткіші бар. Сонымен қатар облыста 251 орналастыру орны (қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерлері) және 117 санаториялық-курорттық ұйым жұмыс істейді.

Жиын соңында Ертай Кенжебекұлы жауапты тұлғаларға туристер ағынын арттыру, жаңа бастамаларды іске асыру бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.

П.Манан.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Тұңғыш теміржолшының тағдыры

1930 жылдың 1 мамырында Түркістан-Сібір теміржолының ашылу салтанаты өтті. Шойын жолмен ең алғашқы болып құрылыс заттарын артқан Э-1441 паровозы…