«Жаңа жол» акциясы аясында есептегі азаматтармен кездесу өтті

Шардара аудандық полиция бөлімі аудандық пробация қызметімен және өзге де мүдделі мекемелермен бірлесе отырып, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардың қоғамға бейімделуіне жәрдемдесу мақсатында «Жаңа жол» акциясын өткізуде.

Ағымдағы жылдың 6 қазанынан 6 қарашасына дейін жалғасатын акция шеңберінде есепте тұрған азаматтарға құқық бұзушылықтың салдары мен заң талаптарын сақтау маңыздылығы түсіндіріліп, қоғамға қайта бейімделу жолдары жөнінде кеңес берілді.

Кездесу барысында тұрақты жұмысқа орналасу, әлеуметтік байланыстарды нығайту және салауатты өмір салтын ұстану тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар акция аясында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Созақтағы жылдық есеп жиыны

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Созақ аудандық полиция бөлімінде 2025 жылдың 12 айлық қызмет қорытындысына арналған жиналыс өткенін…

Табиғатты қорғау міндетіміз

Түркістан облысы аумағында 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты…