Есірткіге қарсы иммунитет – жас ұрпақ санасында

Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында аудан аумағындағы оқу орындарының оқушыларымен кездесу өткізді.

Шарада полицейлер қатысушыларға есірткі және психотроптық заттарды қолданудың адам ағзасына тигізетін зияны туралы түсіндіріп, заңсыз сақтау мен өткізудің құқықтық салдарын жан-жақты баяндады. Сондай-ақ «синтетикалық» есірткі түрлерінің таралу қаупі мен оның ауыр зардаптары туралы айтылды.

Сонымен қатар оқушылар нашақорлықтың адам өміріне қауіптілігі туралы бейнероликтерді тамашалап, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығын түсінді. Жастар өз ойларын білдіріп, нашақорлықты қоғамға үлкен қауіп төндіретін індет деп атап өтті.

Шара соңында полицейлер оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестермен бөлісті. Сонымен қоса жастарды бос уақыттарын тиімді өткізуге, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен семинар өтті

Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен “Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу” тақырыбында ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік семинар жалғасын тапты. Іс-шара…

Алқабилер әділдіктің жаршысы

Соңғы жылдары Түркістан облысында сот істерінде алқа билердің ролі орнығып, ықпалы артып келеді. Кейбір істер алқа билдердің араласуымен…
Толығырақ

Суррогат ана жайлы Заңда…

Өмірде әркімнің тағдыры әртүрлі. Түрлі тағдыр иелері сан қилы жағдайды бастан кешіріп жатады. Әсіресе отбасылық өмірдің іргетасы берік,…