Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа өнеге

Арыс қалалық кітапханасында патриоттық бағыттағы тәрбиелік кездесу өтті.

Іс-шара «Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа тағылым» ұранымен, сондай-ақ «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Таза Қазақстан» және «Заң мен Тәртіп» қағидаттары негізінде ұйымдастырылды.

Кездесуге аудандық полиция бөлімінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары Ж.Ахметов, С.Қожанов атындағы жалпы орта мектептің «Жас сақшы» сыныбының оқушылары және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шара барысында қатысушыларға ел егемендігінің тарихи маңызы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер мен құқық қорғау саласының даму жолы туралы кең көлемде ақпарат берілді.

Сондай-ақ, кітапхана ұжымы «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты әдеби көрме ұйымдастырып, жас ұрпақты ел тарихын терең тануға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Сотталғандармен кездесу өтті

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Төлеби ауданындағы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №55 мекемесінде…