Республика күнінде ардагер ағаларға құрмет көрсетілді

Республика күні қарсаңында Түркістан облысы Полиция департаментінде ішкі істер саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған ардагер полицейлер марапатталды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлаиды.

Шараға Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Ерлан Шамшат, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев және қалалық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Батырхан Сансызбаев қатысып, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің атынан алғыс хаттарды табыстады.

Салтанатты жиында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға зор үлес қосқан, сондай-ақ жас полицейлерді патриотизм рухында тәрбиелеуге атсалысқан Түркістан қалалық бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері – Ералы Баймұрзаев, Мұрат Кенжеев, Күжімов Бабаев, Дінмұхамбет Махамбетов, Нұрлан Шораев және Мұхтар Құттыбаевтар марапатқа ие болды.

Ардагерлерге көрсетілген құрмет – ел қауіпсіздігі жолында адал еңбек еткен азаматтарға деген айрықша ілтипаттың белгісі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жүз полицей тест тапсырды

«Түркістан облысының 100 полицейі «Қазтест» жүйесі бойынша тест тапсырды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің…