Түркістанда «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Түркістан облысы Полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес Бәйдібек ауданында мереке қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Рейд барысында полиция қызметкерлері сауда орындары мен өзге де нысандарда пиротехникалық бұйымдардың заңсыз сатылуы, сақталуы және пайдаланылуына қатысты тексерулер жүргізді.

Тұрғындарға Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес пиротехникалық заттарды рұқсатсыз сату мен қолдануға тыйым салынатыны түсіндірілді.

Сонымен қатар заң талаптарын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді. Іс-шара өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жалғасатын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полиция мерекемен құттықтайды

25 қазан – Республика күніне орай Сайрам ауданы полиция басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты шеру өткізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары…
Толығырақ

“Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1500-ге жуық жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, өңір көлемінде “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шара аясында Түркістан қалалық Полиция…