“Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1500-ге жуық жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, өңір көлемінде “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шара аясында Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері азаматтардың әкімшілік айыппұлдары мен өзге де берешектерін өндіру бағытында рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Тәртіп сақшылары борышкерлерге заң талаптарын түсіндіріп, айыппұлдарды өз уақытында өтеудің маңыздылығын жеткізді. Сонымен қатар іс-шара барысында 1500-ге жуық жүргізушімен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, 750-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық жайты анықталып, заң талаптарына сәйкес шара қабылданды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда заңға бағынушылық қағидатын нығайту болып табылады.

Түркістан қалалық Полиция басқармасы тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полиция қылмысты азайтты

«Полиция қызметінің нәтижесі-қылмыстар 25%-ға азайды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті…
Толығырақ

«Халық заңгері» республикалық акциясы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультетінің студенттері Әділет министрлігі, Бас прокуратура және ZAKON.KZ желілік басылымы…