Түркістан облысында тағы бір ауыл ішімдіксіз, қауіпсіз елді мекен атанды

Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Ынталы ауылы соңғы 2 жылда салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. 500-ге жуық үйі мен 3200-ден астам тұрғыны алкоголь өнімдерінен бас тартып, ауылдағы барлық 8 дүкен ішімдік сатуды тоқтатты.

Бұл мекенде ашылған екі заманауи спорт кешені жастардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасап, түрлі спорт үйірмелері тұрақты түрде жұмыс істеуде. Ал бастамаға мұрындық болған полиция қызметкерлері тұрғындармен жиі кездесулер өткізіп, зиянды әдеттердің алдын алу мен құқықбұзушылыққа жол бермеу бағытында жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Әрбір кәсіп иесімен, ауыл биімен және тұрғындармен кездесіп, есеп беріп, салауатты өмір салтын ұстану мен жаман әдеттен арылу арқылы заң мен тәртіпті сақтауға үнемі кеңес береді. Нәтижесінде Ынталы — тәртібі сақталған, салауатты өмір салты орныққан, заң мен тәртіпті нығайтып, қылмыстың азаюына үлес қосқан ауыл ретінде өңірге үлгі болып отыр.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Прокурорлар меморандумға қол қойды

Сайрам аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту және олардың қоғамға қайта бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында бүгін…
Толығырақ

Алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты

“Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз” — алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты Полиция азаматтарды жаңа алаяқтық тәсілінен сақ болуға…
Толығырақ

ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАН САҚШЫ АРУ

Ордабасы өңірінің тумасы Жақсылық Нұршат Нұрланқызы – тәртіп сақшысы болуды бала кезінен армандаған жан. Бүгінде ол Төлеби аудандық…