Учаске іс-шарасында 16 мыңға жуық үй тексерілді

Түркістан облысы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Осыған орай Ордабасы ауданы аумағында тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындармен тығыз байланыс орнату бағытында жұмыстарды қарқынды түрде атқаруда.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары тұрғын үйлерді аралап, азаматтармен кездесіп, заң талаптарын түсіндірумен қатар, олардың өтініш-тілектерін орнында қабылдауда. Бүгінге дейін 16000 жуық тұрғын үй мен қамтылып, 60 пәтер тексерілді. Нәтижесінде 990 құқық бұзушылық дерегі анықталды.

Сонымен қатар, пробациялық есепте тұрған азаматтар мен қару иелерін тексеру жұмыстары жүргізіліп, олардың тарапынан заң талаптарын сақтау мәселесі тұрақты бақылауға алынған. Полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды дер кезінде анықтау бағытында кешенді шаралар атқаруда.

Түркістан облысы ПД баспсөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сот ісіне шолу

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен қаралатын істерге шолу. Сарыағаш ауданының…

Құқығы қалпына келтірілді

Шардара ауданында тұрғынның еңбек ету құқығы қалпына келтірілді Шардара ауданында ерекше жағдай тіркелді. Жергілікті тұрғын мүгедек қызына күтім…