Заң мен тәртіп: Үкімет аппараты полициядағы цифрландыру үдерісімен танысты

«Түркістан облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің тікелей бақылауымен жүзеге асып жатқан «Цифрлы Қазақстан» тұжырымдамасы аясындағы арнайы жобалар таныстырылды» деп хабарлайды habarlike.kz. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңызды шараға ҚР Үкіметі Аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы Жәнібек Базылұлы Ахметов арнайы іссапармен келді. Сонымен қатар облыстық әкімдік пен Цифрландыру басқармасының өкілдері де қатысты.

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Мұрат Естемесов департаменттің цифрландыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Қонақ облыс трассалары, қала көшелері мен қоғамдық орындарды бейнебақылау арқылы қадағалайтын Жедел басқару орталығын аралап, мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бейнебақылау жүйелерінің жұмысын көрді. Сондай-ақ «Қорғау – қауіпті жүргізуші», «Кілемді жабын», «ITC» жүйесі, «Цифрлы полицей», «102» мобильді қосымшасы, қоғамдық орындардағы дабыл түймелері, «Cyberpol» және е-УД базасы сияқты жаңа цифрлық жобалардың ерекшеліктері таныстырылды.

Сапар барысында шалғай елді мекендерге мобильді кешендер мен дабыл батырмаларын орнату, сондай-ақ олардың санын арттыру мәселелері де талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар ішкі істер органдарында жүргізіліп жатқан цифрландыру жұмыстарына жоғары баға берді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Заңмен белгіленген жауаптылық

Ата Заңның 76-бабының 3-тармағы және ҚР Азаматтық процестік кодексінің 21-бабына сәйкес соттардың шешімдері, үкімдері мен өзге қаулылары барлық…
Толығырақ

Зиянды әдеттен аулақ бол!

Полицияның бастамасымен нашақорлықтың алдын алу форумы ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. «Шардара полициясының ұйымдастыруымен…
Толығырақ

Ашықтық – сенім бастауы

Соңғы уақытта сот жүйесіне енгізіліп жатқан жаңалықтар жұртшылықтың бұл салаға деген сенімін күшейтіп келеді. Соның бір мысалы ретінде…