Тәжірбиелі тәртіп сақшысы – жас буынның тәлімгері

Төлеби ауданының тумасы полиция полковнигі Ғалымжан Ештаев құқық қорғау саласында ұзақ жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі мамандардың бірі. Ол 1963 жылы Төлеби ауданында дүниеге келген. 1981 жылы әскер қатарында шекара қызметін өткергеннен кейін, 1984 жылы Қарағанды педагогика институтын тәмамдап, еңбек жолын Екпінді ауылындағы мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.

Кейін қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау ісіне бет бұрып, аудандық ішкі істер бөліміне учаскелік полиция инспекторы болып қабылданды. Қызмет атқарған жылдары жедел уәкіл, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім бастығы, Отырар аудандық ІІБ кадр ісі жөніндегі орынбасары, ІІД ақпараттық-техникалық тобы бастығының орынбасары, сондай-ақ Төлеби ауданы жергілікті полиция қызметі бойынша түрлі басшылық лауазымдарды абыроймен атқарды.

2016 жылы ішкі істер органдарындағы жемісті қызметінің қорытындысымен полиция полковнигі Ғалымжан Жайлауханұлы құрметті зейнеткерлікке шықты. Бүгінде ол туған ауданындағы полиция бөлімінде жас қызметкерлерге тәлімгерлік етіп, өзінің бай тәжірибесі мен өмірлік өнегесін жас буынға үйретуде. Сонымен қатар бөлімнің рухани және мәдени іс-шараларына белсене қатысып, полиция имиджін көтеруге үлес қосып келеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға арналған форум

Облыс прокуратурасының бастамасымен Түркістан қаласында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтық…

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау назарға алынды

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың профилактикасы жөніндегі…