Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі!

Кентау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық қауіптен сақ болуға шақырады. Олар: Алаяқтық, лудомания және есірткі. Сондай-ақ жол қозғалысы ережесін бұзу – барлығының соңы өкінішке апарады.

Алаяқтық – сенімге кіріп, өзге адамның мүлкін заңсыз иемдену. Интернет, банк қосымшалары арқылы алдаудың жаңа түрлері көбейіп келеді. Бейтаныс адамдарға жеке деректеріңізді бермеңіз!

Лудомания (ойынқұмарлық) – адамның өмірін, отбасын, денсаулығын құрдымға кетіретін тәуелділік. Онлайн-казино, ставкалар – уақытша қызық, бірақ өмір бойғы өкініш болуы мүмкін.

Ойын емес – өмірің маңызды!

Есірткі – сана мен денсаулықты жоятын жол. Бір рет қызығушылықпен бастаған іс, өміріңді бұзады.

Жол қозғалысы ережесін сақтау – әрбір адамның қауіпсіздігі үшін маңызды. Белгіге бағыну – тәртіп, ал тәртіп – өмір кепілі. Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Балалар полициямен сұхбаттасты

«Жасөспірімдер полиция бөлімінің басшысымен кездесіп, сұқбат құрды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің хабарлауынша Кентау…
Толығырақ

Сотқа қалай жүгінуге болады?

Қоғамда даулы мәселелердің көбеюіне байланысты сот органдарына жүгінетін азаматтардың да саны артып келеді. Бұған дәлел ретінде сотта қаралатын…