«Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қызметтік рухты көтеру мақсатында «Капитан Байтасов» көркем фильміне ұжым болып барды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталған фильм – ерлікпен қаза тапқан, өмірін қызмет жолында құрбан еткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың өмірі мен ерлігін арқау етеді. Фильм қызметкерлерге патриоттық сезім мен қызметке деген жауапкершілікті нығайтуда үлкен әсер қалдырады.
Кино соңында полиция қызметкерлері фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, ішкі істер органдары қызметінің маңыздылығы мен қиындықтарын тағы бір мәрте сезінді.
Іс-шара – ұрпаққа үлгі боларлық ерлікті ұлықтау мен қызметкерлердің рухани дүниесін байыту мақсатында ұйымдастырылды.