Мақтаарал ауданында Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы аталып өтті

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастамасымен және Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Шара Мырзакент кентіндегі орталық саябақ алаңында және Ішкі саясат бөлімінің ғимаратында өтті. Мерекелік жиынға ауданның белсенді азаматтары, жастар және полиция қызметкерлері қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалып, көк Туымыз биікке көтерілді. Сондай-ақ қатысушыларға «Нашақорлыққа жол жоқ» атты фильмдер көрсетіліп, шара шерумен жалғасын тапты. Мереке күні аудан жастарының қатысуымен Жастар орталығында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында аудан әкімінің атынан: Ішкі саясат бөлімінің басшысы — Мадияр Асанұлы Бабашев, мәслихат депутаты — Жанболат Жақсылықұлы Саттаров, полиция бөлімінің бастығы — Ердәулет Дарханұлы Амантаев жеке құрам қызметкерлері мен ардагерлерге құттықтау сөздерін айтып, Алғыс хаттар табыс етті. Жиын соңында аудандық өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынып, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Прокурор мәжіліс өткізді

Апта басында Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың…

Кентауда мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті

«Кентау қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандардың арасындағы зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу», «Мәдениетті…
Толығырақ

Тұрғындармен кездесу өтті

Түркістан облысы полиция департаменті Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Нүркен Сарыпбековтің бастамасымен аудан аумағындағы алғашқы кездесу Бадам ауылдық…