Сарыағаш ауданында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2025 жылғы 25 қазан күні Сарыағаш аудандық полиция басқармасының мәжіліс залында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Сарыағаш аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есенғали Бейсебаев, сондай-ақ басқарма қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметте адал еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер мен ардагерлер аудандық деңгейдегі грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік бағдарлама аясында концерттік қойылымдар ұйымдастырылып, отандық және патриоттық әндер шырқалды. Шара қатысушылары көтеріңкі көңіл-күй мен елдік рухқа толы әсерлі сәттерге куә болды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Құныққан аңшылар құрықталды

Түркістан облысында полицейлер заңсыз аң аулаған күдіктілерді құрықтады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. «Созақ аудандық…

Бірлескен мәжіліс өтті

Жуырда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі мен «AMANAT» партиясының Түркістан…