«Жаңа жол» акциясы – әлеуметтік қолдаудың жаңа бағыты

Түркістан облысы аумағында ағымдағы жылдың 6 қазан мен 6 қараша аралығында «Жаңа жол» акциясы аясында аудандық полиция бөлімінде есепте тұрған азаматтармен кездесу өтті. Бұл туралы

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Қанат Ауелов пен «Мансап орталығының» бөлім басшысы Марат Исхахов қатысып, құқықтық тәртіп пен жұмыспен қамту мәселелері бойынша түсіндірме жүргізді.

Сондай-ақ азаматтарды жеке басын куәландыратын құжаттармен қамтамасыз ету, тіркеу және жұмыспен қамту қызметіне қою, оқыту мен жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, медициналық көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар мен субсидиялар бойынша кеңес беру бағыттарында жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан бөлек отбасылық байланыстарды қалпына келтіруге жәрдемдесу, қажет болған жағдайда психологқа немесе дағдарыс орталықтарына жолдау, тұрғын үй мәселелерін шешуге қолдау көрсету шаралары да қарастырылған. Кездесу нәтижесінде төрт азамат ұсынылған бос жұмыс орындарына өтініш қалдырды.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полицейлер мектеп оқушыларымен кездесіп, құқықтық мәдениет туралы әңгімелесті

«Түркістан қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрдәулет Қуанышұлы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізіп, олардың құқықтық сауаттылығын…
Толығырақ

Түнгі рейдтер: жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға арналған іс-шара

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы…