Түркістан облысының полициясы жедел қызметтің қорытындысын шығарды

Түркістан облысы Полиция департаментінде полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің төрағалығымен ведомство басшылығы, қызметтер мен аумақтық бөлімшелер бастықтарының қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті. Жиында 2025 жылдың 9 айындағы жедел қызметтің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

Кеңес барысында жедел жағдайдың жай-күйі, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту туралы баяндамалар тыңдалды. Облыста құқық бұзушылықтар саны 8,8% — ға төмендеген, ал қылмыстардың ашылуы 88,4 пайызды құрады.

Өңірдің бас полицейі негізгі басымдықтар азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамның полицияға деген сенімін нығайту екенін атап өтті. Кибералаяқтық және есірткі қылмыстарына, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және цифрлық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылады деп жеткізді.

Бұдан бөлек, халық арасында құқық бұзушылықтардың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың, нашақорлықтың және басқа да құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу бойынша профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге баса назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша полиция генерал-майор Мұрат Қабденов анықталған кемшіліктерді жою, профилактикалық қызметті күшейту, жеке құрам арасындағы тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінде жедел кеңес өтті.…
Толығырақ

Енді елімізде құқығы сақталмаған мүмкіндігі шектеулі адамдар БҰҰ-ға шағым түсіре алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.…
Толығырақ

Созақтағы жылдық есеп жиыны

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Созақ аудандық полиция бөлімінде 2025 жылдың 12 айлық қызмет қорытындысына арналған жиналыс өткенін…