Полицейлер оқушылармен жол қауіпсіздігін талқылады

Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне орай, Түркістан облысында «Жол қауіпсіздігі апталығы» өтуде.

Осы шара аясында Созақ аудандық полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Сұлтанмахмут Сембаев Н.Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

«Еске алу және қауіпсіздік жолы» атты іс-шараға 200-ден астам оқушы қатысып, жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік ережелері туралы маңызды ақпарат алды.

Оқушыларға «Есте сақта және ойлан» бейнеролигі көрсетіліп, жылдамдықты арттырудың салдары мен жол-көлік оқиғасының алдын алу жолдары түсіндірілді.

Кездесу барысында жасөспірімдер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, полицейлерден нақты жауаптар алды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Заң мен тәртіп: Полиция жыл басынан бері 3000-нан астам тұрғынға қорғау нұсқамасын шығарды

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы Полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Жанар…