Заң мен тәртіп: Полиция жыл басынан бері 3000-нан астам тұрғынға қорғау нұсқамасын шығарды

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы Полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Жанар Қалабаева жеткізді.

Полиция подполковнигі Ж.Қалабаева өз баяндамасында: «Әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында.

Осы тұста департамент бастығы Мұрат Қабденовтің нұсқауымен облысымызда ІІ кезең бойы «Тұрмыс» және «Есептегі тұрған тұлғалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы, «Отбасында зорлық-зомбылықсыз – Қазақстан!» атты челлендж-флешмобы, «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы ұйымдастырылды. Өткізілген профилактикалық шаралар нәтижесінде аса ауыр қылмыстар 87,5%-ға азайды»,-деп атап өтті.

Айта кетсек, Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 5000-ға жуық хабарламаны тіркеп, 3153 қорғау нұсқамасын шығарған.

Бүгінгі таңда облысымызда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге баспанасы бар 50 дағдарыс орталығы көмек көрсетеді. Сондай-ақ 17 ауданда отбасын қолдау орталығы ашылды. Бірлескен жұмыс жәбірленушілерді кешенді қорғауға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және агрессорларды оңалтуға бағытталған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Учаскелік инспекторлар 300 мыңға жуық үйді тексеріп, 46 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы Дәурен Кемеров брифингке қатысып, республикалық…