Заң мен тәртіп: Түркістандық тұрғыннан тіркелмеген қару табылды

Түркістан облысы ПД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтады деген күдікпен Сауран ауданының тұрғынын ұстады.

Полицейлер оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде ұсақ калибрлі мылтық карабині мен оқ-дәрілерді тапты. Тәркіленген атыс қаруы тіркелмеген болып шықты.

Қару заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық жағдайларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда.

Полиция ескертеді: қаруды тиісті құжаттарсыз сақтау және алып жүру құқық бұзушылық болып табылады және бұл бойынша қатаң жауапкершілік қарастырылған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Алаяқтар 1414 нөмірімен хабарласса..

Көпшілігіміз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тиесілі SMS-ке  сенеміз. Осы аңқаулығымызды алаяқтар  пайдаланып кетпей ме? qarzhylyq_sauat-тың сұрақтарына жауап…
Толығырақ

Отбасы құндылықтары насихатталды

Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылғы 4 қазандағы №936 хатына сәйкес «Шаян»мектеп-лицей» КММ-де 06.10.2025ж…