Түркістанда полиция басқармасының қызметі қорытындыланды

Түркістан қаласындағы “Оқушылар сарайында” қалалық полиция басқармасының 2025 жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік жұмысының қорытынды жиыны өтті. Жиынға басқарма басшылығы, бөлім және бөлімше жетекшілері, жеке құрам өкілдері қатысты.

Басқосу барысында қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ тәртіп пен заңдылықты сақтау, қызметтік этика және азаматтармен қарым-қатынас мәдениетін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Қорытынды сөзінде басқарма бастығының міндетін атқарушы Ербол Оралбаев бірқатар кемшіліктерге назар аударып, учаскелік инспекторлардың жұмысын күшейтуді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жеке құраммен жұмысты жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Буллинг пен құқық бұзушылыққа жол жоқ

«Түркістан облысы аумағында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 6-16 қараша аралығында…
Толығырақ

Сотқа қалай жүгінуге болады?

Қоғамда даулы мәселелердің көбеюіне байланысты сот органдарына жүгінетін азаматтардың да саны артып келеді. Бұған дәлел ретінде сотта қаралатын…
Толығырақ

156 әкімшілік шара көрілді

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Кентау қаласында жол қауіпсіздігіне бағытталған шаралар күшейтілгенін хабарлайды. «Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау,…