Түркістанда “Қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында мәжіліс өтті

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлының және облыс прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисовтың төрағалығымен “Қауіпсіз балалық шақ” концепциясы аясында мәжіліс өтті. Жиынға қала прокуроры Каукен Нәрікбаев, полиция басқармасының бастығы Жасұлан Нысанбаев, білім беру мекемелерінің басшылары мен мектеп психологтары қатысты.

Кездесу барысында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және ата-аналар мен педагогтардың жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Мәжіліс соңында қатысушылар “Қауіпсіз балалық шақ” тұжырымдамасын жүзеге асыруда мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары және қоғам өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысының полициясы жедел қызметтің қорытындысын шығарды

Түркістан облысы Полиция департаментінде полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің төрағалығымен ведомство басшылығы, қызметтер мен аумақтық бөлімшелер бастықтарының қатысуымен кеңейтілген…
Толығырақ

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

“Арыс гуманитарлы-техникалық колледжінде” жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жиналыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың…