Интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түркістан қаласында полиция қызметкерлері интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратты.

Түсіндіру барысында полицейлер азаматтарға онлайн кеңістіктегі қауіптер мен алаяқтардың әрекет ету тәсілдері туралы айтып, жеке деректерді қорғаудың маңыздылығын түсіндірді. Жадынамада интернет желісінде қауіпсіздікті сақтау мен алаяқтардың арбауына түспеу үшін есте сақтайтын негізгі ережелер қамтылған.

Атап айтқанда, азаматтарға бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін бермеу, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сенбеу және интернет арқылы төлем немесе ақша аудару кезінде мұқият болу қажеттігі ескертілді.

Профилактикалық іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, интернет алаяқтықтың алдын алу.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Учаскелік инспекторлар 300 мыңға жуық үйді тексеріп, 46 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы Дәурен Кемеров брифингке қатысып, республикалық…
Толығырақ

Полиция қылмысты азайтты

«Полиция қызметінің нәтижесі-қылмыстар 25%-ға азайды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті…