Мақтаарал ауданында велошеру мен флэшмоб өтті

Мақтаарал ауданында аудандық полиция бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кең ауқымды велошеру ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық рухты көтеру және қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру болды.

Велошеруге ауданның жастары, еріктілер мен полиция қызметкерлері белсене қатысып, бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті. Шеру соңында қатысушылар орталық алаңда флэшмоб ұйымдастырып, ел тәуелсіздігі мен бірлігін ұлықтады.

Мақтаарал ауданында «Нашақорлыққа қарсымыз!» деген ұранмен велошеру мен флэшмоб өтті. Мұндай шаралар аудан жастарының белсенділігін арттырып қана қоймай, салауатты және қауіпсіз өмір салтын дәріптеуге серпін береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полицейлер мектеп оқушыларымен кездесіп, құқықтық мәдениет туралы әңгімелесті

«Түркістан қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрдәулет Қуанышұлы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізіп, олардың құқықтық сауаттылығын…