Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау назарға алынды

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың профилактикасы жөніндегі мәселе мекемеаралық мәжілісте қаралды.

Мәжілісте талдау барысында анықталған заң бұзушылықтар мен олардың себептері, сондай-ақ тергеп-тексерудің заңдылығы мен мүдделі органдардың профилактикалық жұмыстары талқыланды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастыру жағдайы бойынша жаңа ұсыныстар мен тәсілдер назарға алынды.

Мәжіліс қорытындысымен осы салаға жауапты мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, бірқатар ұсыныстар мақұлданды.

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау облыс прокуратурасының басты бағыттарының бірі болып табылады.

Homepage

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Арыс аудандық соты кездесу өткізді

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын түсіндіру бойынша кезекті кездесу Арыста кездесу өтті. Арыс аудандық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің…
Толығырақ

Алаяқтар 1414 нөмірімен хабарласса..

Көпшілігіміз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тиесілі SMS-ке  сенеміз. Осы аңқаулығымызды алаяқтар  пайдаланып кетпей ме? qarzhylyq_sauat-тың сұрақтарына жауап…