Сарыағаш ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жиын өтті

Сарыағаш ауданында полиция басқармасы, прокуратура, білім бөлімі қызметкерлері, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері, яғни «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясының орындалу барысы бойынша кеңейтілген отырыс өтті.

Отырыс барысында қатысушылар «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында осы уақытқа дейін атқарылған іс-шаралар мен нәтижелерге тоқталып, алдағы айға жоспарланған жасөспірімдермен өткізілетін кездесулер мен жиналыстардың тақырыптарын пысықтады.

Жиынның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбие мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды талқылау болды.

Кеңейтілген жиын қорытындысында қатысушылар балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түлкібас ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ауқымды іс-шара өткізілді

«Түлкібас ауданы полиция бөлімінің Қылмыстық қудалау бөлімі, Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және ювеналдық полиция тобының қызметкерлері Түлкібас…
Толығырақ

Алаяқсыз қоғам – саналы таңдау

Түркістан облысы прокуратурасының тапсырмасымен Сайрам ауданында «Алаяқсыз қоғам – саналы таңдау» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді. Аталған іс-шараға бұқаралық…