Полиция мен прокуратура рейдке шықты

Профилактика: полиция мен прокуратура кешкі рейдке шықты

«Түркістанда «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында “Қауіпсіз жол” республикалық акциясының бірінші күнінде полицейлермен бірге прокуратура қызметкерлері кешкі рейд өткізіп, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалады» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Жүргізушілерге жылдамдықты асырмау, қауіпсіздік белдігін тағу және телефон қолданбау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Рейдке 44 автокөлік пен 124 инспектор жұмылдырылып, нәтижесінде 330 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде 106 жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермеген, 1 жүргізуші масаң күйде, 40 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, 7 жүргізуші телефон пайдаланған.

Полиция тұрғындарды қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтап, жолда тәртіп бұзбауға шақырады.

А. Мақсат.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Құқығы қалпына келтірілді

Шардара ауданында тұрғынның еңбек ету құқығы қалпына келтірілді Шардара ауданында ерекше жағдай тіркелді. Жергілікті тұрғын мүгедек қызына күтім…
Толығырақ

Түркістанда «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Түркістан облысы Полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес Бәйдібек ауданында мереке қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.…