Кентау қаласы полиция басқармасы 9 айдың жұмысын қорытындылады

Аталған жиналысты бөлім бастығы ашып, өткен кезеңдегі бөлімнің жалпы көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасады. Баяндамалар барысында қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылық профилактикасы бағытындағы іс-шаралардың нәтижелері қаралды.

Сонымен қатар қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау деңгейі мен тәртіптік ахуалға да назар аударылды.

Кентау қаласының бас полицейі өз сөзінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — әр қызметкердің басты борышы екенін атап өтіп, алдағы уақытта да халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырды.

Сондай-ақ жиналыс барысында үздік қызметкерлердің еңбегі атап өтіліп, олардың жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті арттыруға қосқан үлесі жоғары бағаланды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

“Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1500-ге жуық жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, өңір көлемінде “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шара аясында Түркістан қалалық Полиция…
Толығырақ

Конкурс жариялау туралы хабарландыру

ҚР Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойыншадепартаментінде «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік қызметшілер…
Толығырақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша Департаменті және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау…