Түркістан облысында көкнәр өсірген тұрғын сотталды

«Түркістан облысында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін 50 жастағы ер адам сот үкімімен жауапкершілікке тартылды. Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның есірткілік қасиеті бар өсімдіктерді өсірумен айналысып жүргені туралы жедел ақпарат түскен.

Осы дерек бойынша полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізді. Нәтижесінде оның үй ауласынан құрамында есірткі заты бар «көкнәр» өсімдігінің 340-тан астам түбі табылып, тәркіленді» деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабы (Есірткі затын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді дайындауға пайдаланылатын өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды. Нәтижесінде соттың үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға ескертеді: есірткілік өсімдіктерді заңсыз өсіру, сақтау немесе сату — қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мұндай әрекеттер үшін заңда қатаң жаза көзделгенін естен шығармау қажет.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Есірткінің зияны сөз болды

«Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында Сайрам ауданының полиция басқармасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында форум өткізілді. Аталған шараға…
Толығырақ

Түркістан облысында «түркістан-су» мкк-ның қызметтеріне тарифтер қайта қаралды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2024 жылғы тарифтік сметаның орындалуы…