Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Түркістан қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрдәулет Тағай учаскелік полиция инспекторларының қызметіне талдау жүргізді.

Тексеру барысында интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен тіркеу журналдарының толтырылу сапасы бағаланды. Сонымен қатар, азаматтар арасында түсіндіру және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру деңгейіне назар аударылды.

Бұдан бөлек, инспекторлардың қызметтік автокөліктерінің техникалық жай-күйі тексеріліп, қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы қадағаланған.

Нұрдәулет Тағай интернет қылмыстарының алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Талдаудың негізгі мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуда учаскелік полиция қызметінің тиімділігін арттыру.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша Департаменті және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау…
Толығырақ

Полицейлер түнгі рейд жүргізді

«Полицейлер кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында іс-шара өткізді» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Полицейлер…