Кентауда мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті

«Кентау қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандардың арасындағы зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу», «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыптарында кездесу ұйымдастырылды» деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге Кентау қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөліміне қарасты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы Майра Құттыбаева, «Алау» жастар денсаулық орталығының басшысы Раушан Үтебаева, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгері Бекнұр Шакиров, «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің психологі Нұргүл Оспанова, сондай-ақ Кентау қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Маржан Кривенцова қатысты.

Шара барысында 50-ге жуық оқушыға нашақорлық, лудомания, алаяқтық және “дропперлік” сияқты қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар оқушылармен ашық сұрақ-жауап, пікір алмасу өткізілді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts