Жасөспірімдердің қауіпсіздігі — басты назарда

Созақ ауданы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыздықтың және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мақсатында «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Рейдтік жұмыстарға полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары мен учаскелік полиция қызметкерлері, білім бөлімі мамандары және ерікті жастар тартылды. Барлығы 30-ға жуық қызметкер мен еріктілер бірлесіп жұмыс атқарды.

Іс-шара барысында аудан аумағындағы 4 қоғамдық тамақтану орны, 6 ойын-сауық мекемесі және саябақтар тексерілді. Нәтижесінде түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 15 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік шара көрілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Прокурор активтерді қайтарды

Қазығұрт ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен жабдықтаудың жаңа жүйелері іске қосылды. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске…
Толығырақ

Құныққан аңшылар құрықталды

Түркістан облысында полицейлер заңсыз аң аулаған күдіктілерді құрықтады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. «Созақ аудандық…