Өмірлік сабақ: оқушылар түрмеден бір қадам бұрын не күтіп тұрғанын көрді

«Түркістан облысы ПД бастығы М.Қабденовтің тапсырмасына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың жауапкершілік сезімін арттыру мақсатында Кентау қаласына қарасты білім беру ұйымдарының оқушыларына түсіндіру іс-шаралары өткізілді» деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу 28 мектеп пен 6 колледждің оқушылары мен студенттерін қамтыды. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі» және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» тиісті баптары түсіндіріліп, олардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылу мәселелері жөнінде толыққанды ақпарат берілді.

Сонымен қатар құқық бұзушылыққа бейім 55 жасөспірім Кентау қалалық полиция бөлімінің ғимараты мен уақытша ұстау изоляторына экскурсия жасады. Онда тәртіп сақшылары жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдары, ерте жастағы теріс әрекеттердің болашаққа тигізер кері әсері туралы жан-жақты түсіндіріп, заңды сақтау мен жауапкершілік ұстанымының маңыздылығын атап өтті.

Бұл бағыттағы жұмыстар кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету мақсатында жалғасын табуда.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Оқушылармен кездесу өтті

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Нүркен Сарыпбеков Ішкі істер министрлігінің «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Қараспан ауыл округіндегі…
Толығырақ

Отбасы құндылықтары насихатталды

Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылғы 4 қазандағы №936 хатына сәйкес «Шаян»мектеп-лицей» КММ-де 06.10.2025ж…