Медицина мамандарына интернет алаяқтықтан қорғану бағытында жиын өтті

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаевтың басшылығымен өңірдің медицина саласы қызметкерлеріне арналған интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында онлайн-жиын өткізілді.

Кездесу Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылып, оған Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен облыс аумағындағы 45 медициналық мекеменің қызметкерлері қатысты.

Барлығы 7 мыңнан астам медицина қызметкерлерін қамтыған бұл жиында полиция қызметкерлері интернет алаяқтықтың кең тараған түрлерін, олардың жасалу әдістері мен азаматтардың жеке деректерін қорғау тәсілдерін түсіндірді.

Қатысушыларға онлайн төлемдер кезінде сақтық шараларын ұстану, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сенбеу, бейтаныс тұлғаларға банк деректерін бермеу жөнінде нақты кеңестер берілді.

Полицейлер мұндай кездесулердің қоғамдағы цифрлық қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және интернет кеңістігінде жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алуға зор ықпал ететінін атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Сахналық қойылым көрсетілді

«Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде, жасөспірімдермен орын алатын қылмыстар және құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында…
Толығырақ

Балалар полициямен сұхбаттасты

«Жасөспірімдер полиция бөлімінің басшысымен кездесіп, сұқбат құрды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің хабарлауынша Кентау…