Полицейлер “Учаске” іс-шарасы барысында ойын-сауық орталықтарын тексерді

“Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес сағат 20:00-ден таңғы 06:00-ге дейін рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Шара аясында Бәйдібек ауданы аумағында орналасқан ойын-сауық орталықтары мен мейрамханаларда, сондай-ақ ойын клубтарында тексеру жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері түнгі уақытта 4 ойын клубы мен 20-ға жуық ойын алаңын тексеріп шықты. Нәтижесінде түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 4 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қабылданды.

Жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ойынханалар мен көшелерде рейдтік жұмыстар жалғасуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға арналған форум

Облыс прокуратурасының бастамасымен Түркістан қаласында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтық…