Мал ұрлығының алдын алу – қоғам мен полицияның ортақ міндеті

Бәйдібек ауданында мал ұрлығының алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мақсатында кеңейтілген профилактикалық жиын өтті. Іс-шара аудандық «Жастар орталығында» ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев, аудан әкімінің орынбасары Нұрпейіс Ақбаев, аудан прокуроры Мади Байтелиев, полиция бөлімінің бастығы Нұрдаулет Ажибеков, ауылдық округ әкімдері, ветеринариялық және ветеринариялық-санитариялық бақылау бөлімдерінің мамандары мен учаскелік инспекторлар қатысты.

Кездесу барысында мал ұрлығының негізгі себептері мен оны болдырмау жолдары, малдарға ен салу және тіркеу тәртібін сақтау, сондай-ақ бейнебақылау камераларын орнатудың маңызы талқыланды.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан нақты ұсыныстар беріліп, құқық қорғау органдары мен жергілікті әкімдіктер арасындағы бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде шешім қабылданды.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

300-ге жуық студентке «Нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Кентау көпсалалы колледжінде» студенттердің қатысуымен «Нашақорлық және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу…