Ұлттық жобаның іске асырылу барысы таныстырылды

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ақтілеу Бекмұратовтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырудың негізгі бағыттары таныстырылды. Ақтілеу Бекмұратовтың айтуынша, жобаның басты мақсаты – өңірдегі энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның тозуын азайтып, қызмет сапасы мен сенімділігін арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін қолданыстағы активтерді жаңарту және қайта жарақтандыру көзделген.

Сонымен қатар, ұлттық жобаның маңызды құрамдас бөлігі – электрондық сатып алуларға арналған МЭКС платформасының жұмысына да тоқталды. Бұл жүйе саланың ашықтығын арттыруға және жобаларды тиімді жоспарлауға мүмкіндік беретіні айтылды.

Жиын барысында БАҚ өкілдері коммуналдық қызметтер тарифтерінің өзгеруіне қатысты сұрақтар қойып, тарифтік саясаттың ағымдағы жай-күйі бойынша жауаптар алды. Департамент басшысы тарифтердің қалыптасуы мен олардың реттелуі туралы түсіндірмелер беріп, алдағы кезеңдегі жоспарларға тоқталды.

Брифинг қорытындысында ведомство өңір тұрғындарына көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту және инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Қазығұртта рейд жүргізілді

Түркістан облысында полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізуде. Осы орайда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар…
Толығырақ

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

“Арыс гуманитарлы-техникалық колледжінде” жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жиналыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың…