Түркістанда жас жол инспекторлары бастауыш сынып оқушыларына жол ережесін түсіндірді

Елімізде 10–16 қараша аралығында өтіп жатқан “Жол қауіпсіздігі апталығы” акциясы аясында Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.

Осыған орай республикалық “Жас жол инспекторлары” байқауының жеңімпаздары – №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицейінің оқушылары бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, бастауыш сынып оқушыларына жол жүру ережелерін түсіндірді.

Сабақ барысында жас инспекторлар балаларға жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіздік талаптарын, жол белгілерінің мағынасын және бағдаршам сигналдарын дұрыс пайдалану тәртібін түсіндірді. Оқушыларға көрнекі материалдар көрсетіліп, жолда қауіпсіз жүруге қатысты практикалық кеңестер берілді.

“Жол қауіпсіздігі апталығы” барысында Түркістанда профилактикалық жұмыстар жалғаса береді. Мамандардың пікірінше, ерте жастан берілген ақпарат пен тәжірибе болашақта қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға ықпал етеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан қаласында жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға бағытталған кездесу өтті

Түркістан қаласындағы №33 жалпы орта мектепте полиция қызметкерлерінің қатысуымен оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында…