Түркістан: ҚХА-ның 30 жылдығы аясында «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Президенттің «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына байланысты облыстық «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

«Журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылары арасында өткен байқаудың негізгі мақсаты – толерантты өңіріміздегі этносаралық достықты, қалыптастыруға атсалысу, қоғамдық келісім мен бірлікті бекемдеу, еңбек адамдарының өмірін дәріптеу» деп хабарлайды habarlike.kz.

Жиын барысында «Шаңырақ» байқауына қатысқан авторлардың шығармаларына шолу жүргізілді. Бұл ретте, басқосуда сөз алған белгілі журналистер, ХҚТУ-дің профессорлары Сейдулла Садықов пен Бекжігіт Сердәлі, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек, Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Төребек Байтасов, “Оңтүстік Қазақстан” облыстық газетінің тілшісі, ақын Бауыржан Ерман және «Түркістан» қалалық газетінің тілшісі, ақын Дәурен Тілеухан байқаудың қанаты кеңге жайылып, еліміздегі татулық пен бірлікті насихаттауда рөлі жоғары болғанын атап өтті.

Байқаудың марапаттау шарасында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева жиналған қауымды 25 қазан – Республика күнімен құттықтап, байқауға қатысып, белсенділік танытқан қаламгерлерге алғысын жеткізді.

Бірлікке үндеген байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен журналист, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова І орын иегері атанып, 150 мың теңгеге ие болды. Жүлделі ІІ орын иегері атанған ХҚТУ-дің Журналистика кафедрасының аға оқытушысы Әтіркүл Тәшімова 100 мың теңгені жеңіп алса, ІІІ орынға Қазақстанның Құрметті журналисі Роза Нарымбетова лайық деп танылып, 50 мың теңгені иеленді.

Бұдан бөлек байқауға белсене қатысқан басқа да БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы тарапынан Алғыс хаттар мен қаржылай ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылған байқауға өңірдегі БАҚ өкілдері және әлеуметтік желі қолданушылары қатысып, олар этнос өкілдерінің арасындағы мызғымас бейбітшілік пен еңбек адамдарының тыныс-тіршілігін жан-жақты насихаттады.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Патриотизм — ұлт таңдамайды

«Патриотизм — ұлт таңдамайды, Отанға деген махаббат пен пәрменді іс-әрекетің — сенің азаматтығың. Көпұлтты, толерантты еліміздің тыныштығы мен…
Толығырақ

Он бес сөтке…

Қолымда бір бөтелке сырам бар, әлгінде ғана той дан келгем, жүз метр жердегі пәтеріме шылымымды бұрқыратып аяңдап келе…
Толығырақ

Үш ауылға ауызсу берілді

25 қазан – Республика күні қарсаңында Ордабасы ауданы Қараспан ауыл округіне қарасты Жұлдыз, Мәдениет және Ынтымақ ауылдарында көптен…
Толығырақ

Үш жүзден аса өтінім қаралды

Экология департаменті экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Экология…