Түркістан облыстық сотында 2025 жылдың 9 айын қорытындылау бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді

Кеңесті сот төрағасы Айдос Сұлтанов ашып, алқа төрағалары мен департамент басшысы 9 айда атқарылған жұмыстарын баяндап, бірнеше көрсеткіштерге тоқталып өтті:

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Р.Хасенов:

— Істердің санына, сот актілерінің сапасына, қолданылған жазалардың түрлеріне, жоғары сатылы сотпен қаралған істердің нәтижелерін баяндады.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Биболов:

— Істердің санына, сот актілерінің сапасына, татуласу рәсімдерінің көрсеткішіне, жоғары сатылы сотпен қаралған істердің нәтижелерін баяндады.

Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Байтұрова:

— Істердің санына, сот актілерінің сапасына, татуласу рәсімдерінің көрсеткішіне, жоғары сатылы сотпен қаралған істердің нәтижелерін баяндады.

Департамент басшысы А.Апбас:

— Сот төрелігінің үздіксіз жұмыс атқарылуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды баяндап, соттардың материалдық қамсыздандыру нәтижелеріне тоқталып, соттардың әкімшілік ғимараттарына жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын баяндады.

Жұмысты қорытындылай келе, облыстық сот төрағасы А.Сұлтанов, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту бойынша тапсырмалар беріп, заңнама талаптарын сақтауды талап етті, сондай-ақ судьялар корпусы алдына бірқатар басым міндеттерді белгіледі.

Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Төлебиде “ҚАУІПСІЗ ЖОЛ” іс-шарасы өтуде

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы мәдениетін арттыру мақсатында бірнүктелік рейдтер жүргізуде. Тәртіп…