Азаматтық іс жүргізу қатынастары

Құқықтық қатынас – құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасып отыратын құқықтар және субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасы азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер және басқа құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді,  сонымен қатар ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.

Азаматтық іс жүргізу – сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың жүйесі және әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының міндетті субъектілері: бір тараптан – сот, екінші тараптан – процеске қатысушылар болып табылады. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы іске қатысушы тұлғаның ерік білдіруіне байланысты. Құқық қатынастардың пайда болуы үшін осы қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін айқындайтын құқық субъектілігі болуы керек.

Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі – бұл іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттеріне ие болу қабілеттілігі. Ол азаматтар мен заңды тұлғалардың бәрі үшін бір деңгейде танылады және азаматтардың туған сәтінен бастап, қайтыс болған сәтінде бітеді. Ал заңды тұлғалар мен мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен басталып, таралған сәтінде тоқтатылады.

Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі – бұл өз әрекеттері арқылы құқықтарын жүзеге асыру және сотта міндеттерін орындау, істі жүргізуді өкіліне тапсыру, жауапкершілікті дербес алып жүру.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарына қатысатын немесе қатыса алатын адамдарды үшке бөліп қарастыруға болады. Судья, азаматтық іске қатысушылар және сот төрелігін іске асыруға жәрдемдесушілер.

Судья – сот төрелігін жүзеге асыратын тұлға және процестің ерекше қатысушысы болып табылады, себебі, арнайы құрылған мемлекеттік билік органы ретінде сот төрелігін жүзеге асырады.

Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіреді. Соынмен азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары – бұл субъективтік құқықтармен, заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы азаматық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар болып табылады.

Арыс аудандық сотының судьясы

Н.Ашенов

 

Total
0
Shares
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Related Posts
Толығырақ

Енді елімізде құқығы сақталмаған мүмкіндігі шектеулі адамдар БҰҰ-ға шағым түсіре алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.…