«Адал полицей» акциясы аясында түсіндірме жұмыстары өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес қызметтегі адалдық жауапкершілік және ашықтық қағидаттарын насихаттауға бағытталған «Адал полицей» кең ауқымды акциясы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«Жиында «Ішкі істер органдары қызметкерлеріне заңсыз сыйақы ұсынғаны үшін жауапкершілік» тақырыбында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері Эльнур Абдумауленов баяндама жасады.

Өз кезегінде Түркістан облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрбол Мырзатаев «Заң үстемдігі – жемқорлыққа қарсы күрестің негізі» тақырыбында баяндама жасап, тәртіп сақшылары арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырып,оны болдырмау жолдарын баяндады» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Сонымен қатар Ішкі істер органдарына жұмысқа қабылдау тәртібі бойынша

Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы Мақсат Асқаров түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған тақырыптар бойынша қатысушыларға бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және адал қызмет етудің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді» дейді бспасөз қызметі.

П.Асан.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ТӨТЕННЕН ҚАУІП ТӨНБЕСІН ДЕСЕҢІЗ…

Жасыратыны жоқ, кейбір жүргізушілер полиция қызметкерін байқаған кезде, апыл-ғұпыл қауіпсіздік белдігін тағып жатады. Әйтеуір, айыппұл алмасақ болды деген…
Толығырақ

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

“Арыс гуманитарлы-техникалық колледжінде” жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жиналыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың…
Толығырақ

Сот қызметкерлері форумға қатысты

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында форум өтті. Сот қызметкерлерінің мұндай форумдарға…