Кентау қаласында «Отбасын қолдау орталығының» жұмысы оң нәтиже беруде

2025 жылдың 13 қаңтарында Кентау қаласы әкімдігінің №4 қаулысымен құрылған «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аз уақыт ішінде отбасылық құндылықтарды сақтау мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар атқарды.

Орталықтың жұмысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 59,9 млн теңге бөлініп, 17,5 штаттық бірлік бекітілді. Қазіргі таңда оның 45 млн теңгеден астамы игерілді. 9 айдың қорытындысы бойынша 214 азаматқа 422 қызмет түрі көрсетілді, оның ішінде:

– психологиялық көмек – 329,

– құқықтық кеңес – 29,

– әлеуметтік қолдау – 27,

– семинар-тренингтер – 32.

Уақытша тұру бөліміне 12 отбасы мен 3 жасөспірім орналастырылып, тиісті психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді. 4 отбасының тұрмыстық ахуалы тұрақтандырылып, балалар тиісті әлеуметтік мекемелерге жіберілді.

Сонымен қатар, орталық мамандары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Биылдың өзінде 22 мектеп пен 4 колледжде өткен кездесулерге 1154 оқушы, 89 ата-ана және 183 студент қамтылды.

Қалалық пробация қызметімен бірлесе 40 адамға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылып, 43 азаматқа 161 рет психологиялық және құқықтық сүйемелдеу көрсетілді. Пробация есебіндегі 1 азаматша 1,57 млн теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды.

Халықаралық отбасы және балаларды қорғау күндері қарсаңында орталық демеушілердің қолдауымен 13 отбасыға азық-түлік пакеттері, 100-ден аса балаға арналған ойын-сауық шаралары ұйымдастырды.

Сондай-ақ, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 683 үй қамтылып, 83 азамат оқуға тартылды. Ал FSM Social платформасы арқылы 87 азаматтың деректері енгізіліп, «Отбасының цифрлық картасы» өзектендірілді.

«Отбасын қолдау орталығы» мамандары отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік қолдау және психологиялық көмек бағытындағы жұмыстарды әрі қарай да жүйелі жалғастырады.

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Әр тұтынушы өз құқығын білу керек

Бәріміз де түрлі тауарлар мен қызметтерді тұтынып жатамыз. Біз – сатып алушымыз, емделушіміз, жолаушымыз, оқырманбыз, демек тұтынушымыз. Әрбір…
Толығырақ

Менің анам

Әлемде қанша керемет болса, біріншісі және бірегейі әркімнің өз Анасы дер едім. Ең қасиетті Жан, жаныңа жақыны, жүрегіңе…
Толығырақ

Түркістан: ҚХА-ның 30 жылдығы аясында «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Президенттің «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына байланысты…
Толығырақ

195 тонна қоқыс шығарылды

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалу тұрақты бақылауда. Өткен аптаның өзінде елді мекендерде 202 тазалық шарасы өтті. Нәтижесінде,…