Прокуратура ашық есік күнін өткізді

Қазығұрт ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен пробациялық есепте тұрған сотталғандармен ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – пробациялық бақылауда тұрған тұлғалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қоғамға бейімделуіне және қайта әлеуметтенуіне қолдау көрсету болды.

Шараға аудан прокуратурасының, пробация қызметінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар сотталған азаматтарға еңбекке орналастыру, әлеуметтік көмек көрсету, білім алу және құқықтық кеңес беру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ашық есік күні барысында пробациялық есепте тұрған тұлғалар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан нақты жауаптар мен кеңестер алды. Мұндай шаралар олардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамға қайта оралуына оң әсер етеді.

П.АСАН.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАН САҚШЫ АРУ

Ордабасы өңірінің тумасы Жақсылық Нұршат Нұрланқызы – тәртіп сақшысы болуды бала кезінен армандаған жан. Бүгінде ол Төлеби аудандық…
Толығырақ

Суррогат ана жайлы Заңда…

Өмірде әркімнің тағдыры әртүрлі. Түрлі тағдыр иелері сан қилы жағдайды бастан кешіріп жатады. Әсіресе отбасылық өмірдің іргетасы берік,…