Бәйдібек ауданында Республика күні аталып өтті

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Полиция бөлімінің бастығы Нұрдәулет Ажибеков жеке құрамды мерекемен құттықтап, ел бірлігі мен тәртіп сақшыларының қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегін жоғары бағалады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Мереке аясында қызметтік міндетін адал атқарып, қоғам тыныштығын сақтауда үздік нәтиже көрсеткен бірқатар полиция қызметкерлеріне алғыс хаттар мен марапаттар табыс етілді.

Сондай-ақ салтанатты жиынға М.Әуезов атындағы IT мектеп-лицейінің «Жас сақшы» ұйымының мүшелері қатысып, полиция қызметкерлерін Республика күнімен құттықтады.

Өз кезегінде бөлім басшылығы жас өрендердің азаматтық белсенділігін атап өтіп, оларға да алғыс хаттар табыс етті. Іс-шара патриоттық рух пен ел бірлігін дәріптеген мерекелік көңіл-күйде өтті.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

250 сала қызметкеріне интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Мақтаарал полициясы мен прокуратурасының ұйымдастыруымен “Интернет алаяқтықтан сақ болайық!” атты кеңейтілген жиын өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрбол…
Толығырақ

Түлкібас ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ауқымды іс-шара өткізілді

«Түлкібас ауданы полиция бөлімінің Қылмыстық қудалау бөлімі, Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және ювеналдық полиция тобының қызметкерлері Түлкібас…